Қазақтың қара домбырасы мұхит асты
Қазақтың қара домбырасы мұхит асты. Дара дарын, Димаштың талантына тәнті мексикалық жанкүйер ұлттық аспапты Қазақстаннан арнайы алдыртты. Мақсаты – ұлын қазақ өнеріне баулу. Мәдени көпірге мұрындық болған тағы кімдер? Мәдина Нағашыбай тарқатсын.
Бұл Ермұрат Үсеновтың «Кербез сұлуы». Пошта залындағы соңғы дайындық. Кербездің күмбірі сәлден соң сан мың
шақырым асып, шарықтап кете бермек.
Ал қос елдің рухани диалогына себепші болған
қостанайлық ақын – Абылай Мауданов пен өнер мектебінің жетекшісі Назгүл
Дүйсенова. Алыстағы жанкүйер үшін ұлттық аспапты арнайы таңдап, зор ықыласпен
аманат қып тапсырмақ.
Абылай Мауданов, ақын:
Димаштың сұқбатын көрдім. «Дайдидау» әнін әлемге танытсам деген арманым бар деп. Сосын Димаштың әні барған жерге әдебиетіміз де барсын деген оймен осы кітапты шығардым. Желілерге сала бастағаннан кейін әрбір елден хаттар көп келе бастады. Бір 200-300-дей. Тура хат жазған Мексикадағы Магда деген кісі. Ол кісі де ақынжанды екен. Сондай бір шығармашылық байланыс орнап кетті.
Ал аспапты асыға күткен Мексиканың Линарес қаласының тұрғыны жас музыкант
Матиас Гарсия. Орта мектептің тоғызыншы сынып оқушысы. Домбыраның үнін алғаш Димаштың
өнері арқылы таныған. Ал анасы Магда Евангелиста 2022 жылдан бері өнерпаздың
жанкүйері. Тіпті Димаш пен оның тыңдарманына арнап өлең жинағын жарыққа
шығарыпты.
Магда Евангелиста, Линарес қаласының
тұрғыны:
Меніңше, Димаш – дәуір әншісі, өз заманының үздігі. Ерекше тұлға. Өскелең ұрпаққа, тіпті мен үшін үлгі тұтар, бой түзеуге болатын азамат. Сондықтан мен оның жанкүйерімін. Өнерімен қоса адамгершілігін де қадірлеймін.
Матиас Гарсия, Линарес қаласының тұрғыны:
Домбыра аспабы маған ұнады. Үні өзгеше, бір ерекше сезімге бөлейді екен. Шынымен өзіне тән қоңыр реңі, адамға жеп-жеңіл күй сыйлайтын қасиеті бар. Ал эстетикалық пішіні тіпті айрықша. Домбыра тартуға деген құлшынысым одан сайын артты.
Солтүстік Мексикадағы Димаштың жүзге жуық жанкүйері жиі Нью Йорк қаласында бас
қосады. «Dimash and Dear Regias» деп аталатын фанклуб жыл сайын түрлі мерекелік
шараны атап өтеді. Мысалы, былтыр сондай жанкүйерлік клубтардың бірі тіпті
Қазақстанның Тәуелсіздік күнін тойлап, Мексиканың төрінде әнұранымызды әуелете
шырқады.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан»: Белсенді жастар пікірталас алаңында бас қосты
21.01.2026, 17:33
Ақтөбеде бір жылда 26 саябақ салынады
21.01.2026, 17:30
Оңтүстіктегі шаруалар көкөніс еге бастады
21.01.2026, 17:27
Қонаев гарнизоны жаңа техникамен жабдықталды
21.01.2026, 17:24
Қазақстан OpenAI Edu for Countries тобына қосылды
21.01.2026, 17:21
Қаржылық омбудсмендер институты іске қосылады
21.01.2026, 17:18
Жастар құрылтайда көтерілген бастамаларды қолдап отыр
21.01.2026, 17:15
Құрылтай атауы тарихи сабақтастық
21.01.2026, 17:12