Қаржылық омбудсмендер институты іске қосылады
Енді несие алып, қарызға батқандардың құқығы заң жүзінде қорғалады. Елде қаржылық омбудсмендер қызметі іске кіріскелі отыр. Олар азаматтар мен қаржы ұйымдары арасындағы дауды сотқа жеткізбей реттеуге көмек береді. Бұл ретте омбудсмен қабылдаған шешімді қос тарап яғни, қарыз алушы да, несие беруші де орындауға міндетті. Сондай-ақ дәлелденбеген, мән-жайы анықталмай жолданған өтініштер қаралмайды. Мәселен, несиені уақытылы төлеп отырсыз, соған қарамастан банк айыппұл қосқан немесе келісімшартта көрсетілмеген комиссияны ай сайын ұстап отыр делік. Мұндай жағдайда омбудсменге төлем кестесін және өзге де құжаттарды мерзімінде тапсыру керек.
Меруерт Қуанышбекқызы, экономист:
Мен өзім банкте риск менеджер болып істегендіктен, банктерде көптеген махинациялардың болып жататының білемін. Соттың қарауы кемі 1 ай. Кішкентай ғана мәселенің өзі сотқа баратын болса 2-3 айға созылып кетеді. Ал омбудсмен болатын болса, неге ыңғайлы? Өйткені, осы мәселенің бәрін сотқа дейін шешеді.
Омбудсмендер қызметін енгізу қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және
банкроттық мәселесіне қатысты заңның аясында құрылмақ. Жуырда құжатқа Мемлекет
басшысы қол қойған еді. Қазір омбудсмендерді іріктеу, арнайы кеңселерді ашу
жайы пысықталып жатыр. Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігінің мәліметінше, институт дайындық аяқталысымен, келесі жылдан
жұмыс істей бастайды.
Дамиля Байділдаева, ҚР Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігінің басқарма бастығы:
Қазіргі кезде дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Әуелі омбудсмендерді тағайындау керек. Құжаттарды дайындап жатырмыз. Келесі жылдан бастап іске қосамыз.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ж. Сүлейменов: Деструктивті ағымдар жаңа әдістерді қолдануға көшті
30.07.2026, 20:47
Колледждерде сұранысқа сай мамандар даярлау күшейтіледі
30.07.2026, 20:09
АҚШ Иранға қайта соққы берді
30.07.2026, 20:09
«Болашақ ойындары»: Фиджитал-баскетбол жарысы өтіп жатыр
30.07.2026, 20:08
Аида Балаева халықаралық музыкалық байқаулардың жүлдегерлерін құттықтады
30.07.2026, 20:05
Енді салалық дәрігерге қаралу үшін терапевт жолдамасы қажет емес
30.07.2026, 20:05
Жыл басынан бері 4500 самокат жүргізушісіне айыппұл салынды
30.07.2026, 20:04
БҚО-да Құрылтай сайлауы кезінде мүгедектігі бар жандарға 55 инватакси қызмет етеді
30.07.2026, 20:03