Ақтөбеде ЖИ және инновация мектебі ашылады
Ақтөбеде жасанды интеллект және инновация мектебі ашылады. Қазір аумағы 1700 шаршы метр болатын ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. Мұнда 12 мен 18 жас аралығындағы балалар IT мамандықтары бойынша білім алады. Сондай-ақ жыл сайын тілек білдірген тұрғындардың ішінен іріктелген 300 адам бағдарламалау негіздерін меңгереді.
Әлішер Сексенбай 9-сыныпта оқиды. Ол қазірдің өзінде жасанды интеллектінің
көмегімен 3D модельдеуді және мультфильмдер құрастыруды меңгерген. Болашақта
фантастикалық фильмдерге арналған графикалық көріністер дайындауды үйренбек. Ол
Ақтөбеде ашылатын IT-паркке барып, біліктілігін артытруды көздеп отыр.
Әлішер Сексенбай, оқушы:
Кино саласында әртүрлі монтаж ретінде қолдануға болады. Бұл өте қолжетімді және сырттан қарағанда шынайы сияқты көрінеді.
Ал Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде
ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша 600-ден астам студент білім
алады. Олар қазірдің өзінде жасанды интеллект көмегімен бірнеше жоба әзірлеген.
Оқытушылар үнемі ізденіс үстінде.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Бұл Қытайдан келген, шахмат ойнауға арналған құрылғы. Сізге жасанды интеллект қарсылас атанады. Ойын деңгейін халықаралық дәрежедегі гроссмейстер дәрежесіне дейін көтеруге болады. Қазір жергілікті мамандар бұл құрылғының тілін қазақшаға аударып жатыр.
Қазір білім ордасының жанында 300 орынға шақталған IT-парк құрылысы жүріп жатыр. Мұнда колледж
студенттерінен бөлек 18 жастан асқан тұрғындар келіп, тегін білім алатын болады.
Тілек білдірушілер алдын ала онлайн ойындар ойнау арқылы және логикалық
тапсырмаларды орындап, іріктеуден өтеді.
Нұргүл Ысмағұлова, ақпараттық жүйелер бөлімінің меңгерушісі:
ЖИ және ақпараттандыру жылы болғандықтан, ол жерде бірнеше бағыты бар. Бірінші, веб бағдарламалау, робототехника, ЖИ, киберқауіпсіздік бағыттары бойынша, оған дейін де жұмыс істегенбіз, оны әлі де жетілдіру үшін IT парк тиімді деп ойлаймын.
Жасанды интеллект және инновация мектебіне қабылданғандар бір жарым жыл бойы
50-ден астам жобаны орындап, бағдарламалау тілдерін меңгеруі тиіс. Одан кейінгі
жарты жылда өздері таңдаған бағыт бойынша кәсіби біліктіліктерін арттырады. Ал 12-18 жас аралығындағылар 8 бағыт бойынша білім алады.
Гүлбағда Көбеева, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:
Алғашында мың оқушыны қамту жоспарланып отыр. Әр қарай балалардың орны босағаннан кейін жалғасады. Бір жылдың ішінде білім алушылардың саны үш мыңға дейін болады деп жоспарланып отыр.
Оқушылар 3-4 айға дейін оқиды. Егер таңдаған бағытын терең меңгеремін десе, оқу
процесі екі жылға дейін созылады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16