Президент: Екібастұз бассейнінде дата-орталықтар құру қажет
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда Үкімет пен Павлодар облысы әкімдігі Екібастұз бассейнінің энергетикалық қуаты негізінде дата-орталықтар алқабын құруды жоспарлап отырғанын да мәлімдеді. Осы ретте Президент атом электр станцияларының салынғанын күтпей, жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосудың қажеттігін айтты. Дата-орталықтардың энергия тұтынуы металлургиялық комбинаттармен салыстыруға келетінін ескере отырып, энергетикалық өзін-өзі қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болуы тиіс екенін жеткізді. Қазіргі таңда электр энергиясын өндіру көлемі сағатына 123,1 млрд кВт. Бұл көрсеткіш еліміздің даму жоспарларын толық қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Ал көмір қоры - шамамен 33 млрд тонна, қазіргі тұтыну деңгейімен есептегенде, ол 300 жылға жетеді. Көмір стратегиялық ресурс ретінде заманауи, экологияға зияны аз технологиялармен игерілуі тиіс. Осыған байланысты көмір генерациясын дамытуға Ұлттық жоба мәртебесін беру тапсырылды. Үкіметке бұл мәселені 20 наурызға дейін шешу жүктелді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы