Мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді
Елімізде құрылатын бір палаталы Парламент Құрылтай деп аталады. Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде болатын саяси өзгерістер бойынша ұсынысын айтты. Мемлекеттік басқару жүйесі құрылымдық жағынан қайта жаңғыртылмақ. Әріптесім Оңғар Алпысбайұлы ұсыныстардың барлығын жіті түсіндірсін. Оңғар, эфирдесіз.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Президент Биыл Қазақстанның келешегіне тікелей ықпал ететін аса маңызды жыл болатынын бұған дейін де айтқан. Өзгерістердің өзегі Парламенттік реформа болмақ. Арнайы құрылған жұмыс тобы жарты жылға жуық жаңа заң шығару органының жұмысын жіті талқылады. Сонымен Президент болашақ Парламенттің атауына қатысты пікірін білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев заң шығарушы органды Құрылтай деп атауды ұсынды. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға түсінікті, жақын. Ал, депутаттар санына келсек, жұмыс тобы Парламенттің мандат саны 145 болуы керек деген байламға келді. Жаңа Парламент Төрағасының үш орынбасары болуы мүмкін. Ал комитет саны 8-ден аспауы керек. Өзгерістердің екінші блогы маңызды мемлекеттік құрылымдардың барлық мүшелерін тағайындау тек Парламенттің келісімімен жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ, елдің жоғары өкілді органының депутаттарына Президенттің ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың барлық судьяларын сайлау өкілеттігін беру ұсынылды. Ұсыныстардың үшінші бөлігі жаңа Парламентті жасақтау тәртібі туралы болды. Депутаттар енді пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады. Қазақстан халқы ассамблеясының арнайы квотасы да алынып тасталады. Ал, жастарға, әйелдер мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған квоталар сақталады. Құрылтайдың жұмысы келесідей: Депутаттар бірінші кезеңде заң жобасын жалпы мақұлдайды. Одан кейін өзгерістерді мақұлдайды, соңында заңды қабылдайды. Тағы бір маңызды мәселе. Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы Ассамблеясы өздеріне жүктелген міндетті толық атқарды. Енді елімізде жаңа институт Қазақстанның халық кеңесі құрылатын болды. Оның құрамында 126 адам болады. Президент ұсыныстарының ең маңыздысы келесі. Ел билігінде вице-президент қызметі пайда болады. Оны ел Президенті өзі тағайындайды. Вице Президент мемлекет басшысының атынан халықаралық кездесулерге қатысып, іштегі саяси бастамаларға да жетекшілік ете алады. Осы өзгерістердің барлығы алда өтетін референдумда халықтың таңдауы арқылы конституцияға енгізілмек.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі
20.01.2026, 18:03
Жалғыз тұратын қарттардың ауласы қардан тазаланды
20.01.2026, 17:39
«Қайрат» - «Брюгге»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей көрсетеді
20.01.2026, 17:37
«Pekin Express» телешоуының тағы бір маусымы Қазақстанда түсірілуі мүмкін
20.01.2026, 17:30
АҚШ-та жүзден аса көлік соқтығысқан
20.01.2026, 17:27
Ресейде алаяқтар көбейіп кеткен
20.01.2026, 17:24
Салық жүйесі сервистік форматқа ауысты
20.01.2026, 17:21
Рәміздер туралы заңға жаңа нормалар мен ережелер енгізіледі
20.01.2026, 17:18