Басты Жаңалықтар V Ұлттық құрылтай: Президент мәлімдеме жасады

V Ұлттық құрылтай: Президент мәлімдеме жасады

Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр. Алқалы жиында елдің саяси-әлеуметтік бағыт-бағдары және қоғамды алаңдатқан  мәселелер талқылануда. Дәл қазір құрылтайдың баспасөз орталығынан тілшіміз Әділбек Серікұлы тікелей эфирге қосылуға әзір.

Әділбек Серікұлы, тілші:

Ұлттық құрылтайдың отырысы әлі жалғасып жатыр. Алдымен Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Бурабайдағы басқосудан кейін жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың нәтижесіне тоқталды.  Бір жылда 6 заң қабылданған, тағы 10 заң бойынша жұмыс жүhіп жатыр. Елімізде бала құқығын қорғайтын шаралар бір құжатқа «Қазақстан балалары» бағдарламасына біріктірілді. Жалпы6 Президент тапсырмасымен 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар бекітіліп, жүйелі жұмыстар әлі жалғасуда деді Мемлекеттік Кеңесші.

Пленарлық жиында  сөз алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V құрылтайды өткізіп жатқан Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму динамикасын жоғары бағалап, тарихы терең өңірдің бірқатар мәселесіне де тоқталды. Президент Арал тағдырына бейжай қарамайтынын білдірді. Бұл мәселе сәуірде Астанада өтетін саммитте талқыланады. Сондай-ақ Президент елімізде адам құқының қорғалатынын оның ішінде неке институтынын заң жүзінде бекіту керектігін қадап айтты. Сондай ақ жуырда ғана қоғамды дүр сілдікндірген 21 жастағы Нұрайдың қазасына қатысты Шымкент қалалық полиция департментінің  жұмысына құқықтық баға беруді тапсырды.
Әділбек Серікұлы, тілші:

Мемлекет басшысы мұнан бөлек әр сала бойынша мақсат-міндеттерді жіктіп атап өтті. Толық ақпаратты алдағы шығарылымда тарқатып айтамыз.


Бөлісу