Олимпиадаға қатысатын ұлттық құрама жасақталды
Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына баратын Ұлттық құрама жасақталып бітті. Ел намысын спорттың 10 түрінен 36 спортшы қорғайды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің өкілдері хабарлады. Халықаралық биатлоншылар одағы мен Халықаралық шаңғы спорты федерациясы квоталардың ресми тізімін жариялады. Әлем кубогы кезеңдерінің нәтижесі бойынша жарысқа биатлоннан 2 ер және 2 әйел спортшы қатысады. Ал фристиайлдың акробатика және могул түрі бойынша рейтингтік ұпайы жоғары болған 9 атлеттің қатысатыны белгілі болды. Сонымен бірге шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, тау шаңғы спорты, шаңғы қос сайысынан бәсекеге түсетін отандастарымыздың есімі жарияланады. XXV қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 6 мен 22-сі аралығында өтеді. Оны «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы