Таразда оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін
Жамбыл облысында енді оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін. Бұл экологияға жаңаша көзқарас керек деген «Байтақ» партиясының жобасы.
Олар «Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-лагерьде жастармен «жасыл идеяларды» іске асырмақ. Нақтылай айтқанда, табиғат аясына жорықтарға шығып, тау-тас пен өзен, көлді аралауды жоспарлап отыр. Сол арқылы бітелген бұлақ көзін ашып, өсімдіктер мен жануарлар әлемін бақылауды үйренбек. Жобаны биыл жаз айларында жүзеге асыруды көздеп отыр. Ал алда аймақ оқушылары қоқыс жинаумен шектелмей, суды үнемдеп, полиэтилен мен пластик ыдыстардан бас тартатын экочелленджді бастамақ.
Дамира Боранғазы, «125 High School» мектебінің 11-сынып оқушысы:
Аралдың тартылуы бар, мұнай қалдықтарының төгілуі бар және көмір қышқыл газының бөлінуі. Бұған біздің мемлекеттен қаржы бөлінеді. Алайда ол қаржы толықтай жұмсалып жатыр ма? Яғни бізге фильтрация жұмыстарын дамытып, одан да зор жетістіктерге жетуге болады. Тек осындай жолдар арқылы біз Қазақстанның өркендеуін және болашақта «ТОP-мемлекеттер» қатарына кіруіне үлесімізді қоса аламыз деп ойлаймын.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуде Түркістан облысы көш басында
19.08.2026, 17:25
Қарағандыда ерекше алма бақ жайқалып тұр
19.08.2026, 17:22
«Таза Қазақстан»: 117 мың гектар аумақ тазартылды
19.08.2026, 17:20
Оралда «Экоquest» сайысы өтті
19.08.2026, 17:17
БҚО-да BalaQorgany AI жаңа цифрлық платформасы таныстырылды
19.08.2026, 17:15
Академия курсанттары киберқауіпсіздік негіздерін меңгереді
19.08.2026, 17:13
Әділетті қоғамның негізі – азаматтық жауапкершілік
19.08.2026, 17:10
Ел жаңалықтарына шолу
19.08.2026, 17:07