Павлодарда «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жаңа білім ошағы ашылды
Білім ұясы 600 орындық. Алайда бүгін 850 оқушыны қабылдады. Олар екі ауысыммен білім алады. Жаңа мектепте білім беру жүйесінің заманауи талаптарына сай келетін қолайлылық, қауіпсіздік тегіс қамтылған. Мамандандырылған зертханалары, кең спорт залы, дербес кітапханасы, оқушылардың сабақтан тыс іс-шараларына және демалысына арналған қажеттіліктің бәрі бар. Себебі бұл мектеп инновациялық оқыту әдістемелерін енгізуге, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға бейімделген.
Айханым Оқасова, 10-сынып оқушысы:
Мен Әлихан Бөкейханов мектебінен келдім. Өте көп өзгеріс көрініп тұр. Технология жағынан да өте көп өзгеріс көрініп жатыр. Осы мектеп маған өте ұнап жатыр. Себебі менің үйіме де жақын.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16