Суперкомпьютер не үшін қажет?
Қазақстандағы суперкомпьютерлер халықаралық деңгейде мойындалып отыр. Мәселен, елдегі қуатты есептеу жүйелерінің бірі әлемдік рейтингте 500 суперкомпьютердің алғашқы жүздігіне енген. Қазақстанда мұндай жүйелердің нешеуі бар? Олар қандай міндет атқарады және не үшін маңызды? Темірлан Нұржанұлының материалында.
Темірлан Нұржанұлы, тілші:
Қазіргі таңда Қазақстанда екі қуатты есептеу жүйесі бар. Соның біріншісі – Alem.Cloud суперкомпьютері. Ол әлемдегі 500 қуатты жүйелердің жүздігіне енген. Ал екіншісі – Al-Farabium. Халықаралық рейтингте 103-орында.
Бұдан бөлек, академиялық жобаларда қолданылатын зерттеу институттары мен университеттер жанындағы есептеу кластерлері де жұмыс істейді. Алайда олардың қуаты алғашқы екі компьютермен салыстырғанда аз.
Марал Берік, ҚР ЖИ және цифрлық даму министрлігі басқарма сарапшысы:
Суперкомпьютердің қарапайым компьютерден басты айырмашылығы – оның есептеу қуатында. Суперкомпьютер секундына миллиардтаған, тіпті триллиондаған операцияларды орындай алатын, үлкен көлемдегі деректерді талдауға, күрделі модельдеуге, ғылыми зерттеулерге, ауа райын болжауға, жасанды интеллект пен машиналық оқыту секілді көптеген міндеттерді орындауға арналған аса қуатты есептеу құрылғысы.
Бұл құрылғылар әмбебап. Яғни сала талдаймайды. Дегенмен әрқайсына жүктелген міндет бар.
Темірлан Нұржанұлы, тілші:
Alem.Cloud мемлекеттік органдарға, ғылыми зерттеулерге және ұлттық стратегиялық жобаларға басымдық берсе, Al-Farabium квазимемлекеттік, коммерциялық және экспортқа арналған жобаларды қолдауға бағытталған.
Суперкомпьютер
мемлекеттік басқару, жасанды интеллект, ғылым, медицина, энергетика және
өнеркәсіп салаларында күрделі есептерді шығара береді. Сондықтан да мұндай
құрылғаның елде болғаны жөн. Себебі маңызды деректер ел ішінде сақталып,
өңделеді, яғни елдің цифрлық тәуелсіздігін нығайтады, дейді сарапшылар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы