Басты Жаңалықтар ШҚО-да 138 мың адам ЖРВИ жұқтырған

ШҚО-да 138 мың адам ЖРВИ жұқтырған

Науқастанған тұрғындардың  мыңға жуығы 14 жасқа дейінгі бала. Сондай-ақ бүгінге дейін  өңірде 182 адамның «Гонконг» тұмауына шалдыққаны анықталды. Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті мамандары халыққа тұмаудың  бұл түрінен қорықпауды ескертеді. Тек атауы әсерлі естілгенімен, жыл сайын қайталанатын кәдімгі маусымдық вирус. Сондықтан тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекция өршімес  үшін биыл облысқа  79 мың доза екпе әкелінді. Бүгінге дейін 78 мыңға жуық тұрғынға вакцина егілді. Ал  санитарлық мамандар өңірдегі эпид ахуалған күн сайын мониторинг жасап отыр.

Сәуле Сламғазина, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Негізі тұмау расталған жағдайы облысымызда 182 жағдай тіркелді. Ол бәрі зертханалық әдістермен расталған. Бұл - «Гонконг» тұмауы. Санитарлық эпидемиологиялық департамент мамандары  аурушаңдықтың күнделікті мониторингін жүргізеді. Былтырғы эпидмаусыммен салыстырғанда аурушаңдық 2,47 пайызға өскені байқалады. Аса қауіпті емес аурушаңдық бір деңгейде деген белгі беріп тұр.


Бөлісу