4 млн теңге айыппұлды төлемеген жүргізуші ұсталды
Таразда 4 млн теңгеге жуық айыппұлы бар жүргізуші ұсталды. Ол бір жыл ішінде 155 рет жол ережелерін өрескел бұзған. Тіпті «Toyota Camry» автокөлігінің 53 жастағы жүргізушісі жыл басталғалы 16 күннің ішінде 18 рет жол ережесін бұзып үлгерген. Сөйтіп айыппұл төлемей, жасырынып жүрген жүргізушіні полицейлер «Қорғау» автоматтандырылған жүйесінің көмегімен анықтады. Оның атына жылдамдықты асырғаны үшін 3 млн 400 мың теңге, ал жол белгілері мен жүру таңбаларын бұзғаны үшін 337 мың теңге айыппұл жазылған. Көлік айып тұрағына қойылды.
Шыңғысхан Кемпірбек, облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:
Құқық бұзушы өзге жол қатысушыларының өміріне қауіп төндіре отырып, 126 рет әдейі жылдамдықты асырған. Сондай-ақ 29 рет «тоқта сызығы» сияқты жол белгілері талаптарын сақтамай, ережелерді өрескел бұзып келген. Жүргізуші ҚР Әкімшілік Кодексінің 592 және 601-баптарымен әкімшілік жауапқа тартылды.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16