Баласын сабаған ана қамауға алынды
Жетісу облысы Жаркентте баласын аяусыз ұрған ана изоляторға қамалды. Жағдай өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бақылауында, - дейді Оқу-ағарту министрлігі. Желіде тараған мына видеода әйелдің кішкентай ұлын ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Жан түршігерлік видеоны қонаққа келген құрбысы үй иесінің телефонымен түсірген. Оқиғаның мән-жайын жергілікті полиция анықтап жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, 28 жастағы әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді Қорғаншылық және қамқоршылық органдары ата-ана құқықтарынан айыру мәселесін қарайтын болады. Құзырлы орган қызметкерлерінің дерегінше, балалар қазір қауіпсіз жерде. Зардап шеккен балаға қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда Халықаралық шахмат турнирі басталды
13.10.2026, 20:29
Ұстаз Қанипа Бітібаеваның әдістемесі мектептерде пайдаланылады
13.10.2026, 20:26
Сарапшылар: Қазақстан Конституциясы сөз бостандығына кепілдік береді
13.10.2026, 20:08
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2026, 20:06
Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын картадан бақылауға болады
13.10.2026, 20:05
Бельгия Королі мен Патшайымы қазақтың ұлттық дәстүрлерімен танысты
13.10.2026, 20:05
Бельгиямен байланыстың жаңа белесі басталды
13.10.2026, 20:05
«Алтын виза» енгізіледі: Құрылтай көші-қон заңнамасын жетілдіруге кірісті
13.10.2026, 20:04