V Ұлттық құрылтай: Азаматтық қоғамның рөлі артып келеді
Елімізде мемлекет пен азаматтық қоғамның байланысы нығайып келеді. Ұлттық құрылтай алаңында зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділерінің пайым-пікірі назардан тыс қалған емес. Құрылтайдағы секциялық отырыстан әріптесім Әділбек Серікұлы тікелей эфирде қосылуға дайын.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Кеш жарық, Ләйлә азаматтық қоғамнң мәселесі талқланған секцияда ұсыныс көп болды. Жиырмадан астам құрылтай мүшесі өз ой-пікірлерін ортаға салып, тақырыптарды қызу талқылады. Сондай-ақ жаңадан қабылданған ішкі саясат қағидаты кеңінен түсіндірілді. Яғни мемлекеттің өз саяси-әлеуметтік даму бағыт-бағдары айқындалып, азаматтық қоғамның рөлі артты. Құрылтай аясында көтерілген қоғамдық бастамаларды бүгінде мемлекеттік бағдарламаларға енгізу бойынша нақты механизмдер қолға алынды. Қазір менің қасымда Ұлттық құрылтайдың мүшесі Наталья Дементьева тұр.Талқыланған тақырыптардың ішінде салмақты, сүйекті мәселе деп қайсысын айтар едіңіз?
Наталья Дементьева,
Ұлттық құрылтай мүшесі:
Әділбек Серікұлы, тілші:
Жалпы бұған дейінгі Бурабайда өткен құрылтайда тіл саясаты, қоғамдық тәртіп, теріс діни ағым мен ұлттық болмысымызға жат дүниелермен күрес мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданған болатын. Және 10-нан аса заңға өзгерістер енгізілді. Елдің ертеңі үшін маңызды тұжырымдамалар әзірленді. Қызылордадағы алқалы жиында да бұл үрдіс жалғасын таппақ.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12