Өскемен түтін мен тұманнан көрінбей қалды
Қатты аяз түскеннен бері Өскемен қою тұманнан көрінбей қалды.Сондықтан экология департаментінің мамандары жылжымалы зертханамен қаланың ауасына күн сайын тексеріп мониторинг жасап жатыр. Ал шығыста аяздың қайтатын түрі жоқ. Бүгін де орта мектеп пен колледждің 1-2 крус студенттері онлайн оқып жатыр. Аймақтағы күн райы мен қаланы басқан тұман туралы әріптесім Олжас Керейханнан білсек. Олжас «Қазгидромет» орталы мен экологтар не дейді?
Олжас Керейхан, тілші:
Қайырлы күн! Иә, бүгін де сары аяз сақылдап тұр. Соңғы 4 тәулікте өңірдегі орташа сынап бағасы күндіз -26-28 градус аязды көрсетті. Түнде -33-35-ке жетті. Ал солтүстік және таулы аудандарда күндіз -40 градустан түспей тұр. Шығыстың ең шығысы саналатын Шанағатыда термометр бағаны -55-тен төмен түссе, Алтай ауданындағы Парыгино ауылында -53 градусқа дейін суық болып тұр. Кешкі 20:00-ден таңғы 10 дейін дизельмен жүретін барлық көліктің қозғалысына шектеу қойылды. Дегенмен «Қазгидромет» орталығы ертеңнен бастап Алтайда арқыраған аяздың қайтатынын хабарлады. Ал экология департаменті қаланың тынысын қазір жеке үйлер мен көліктерден шыққан көк түтін тарылтып тұрғанын хабарлады. Соңғы бірнеше тәулікте ауада көмірқышқыл газы қалыпты мөлшерден асып кеткен. Оған қоса Өскемен Ертіс пен Үлбі өзенінің сағасында. Сондықтан қатты аязда осы қос өзеннен көтерілген бу түтінге араласып, қаланы қалың тұман тұмшалап тұр.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00