Басты Жаңалықтар Энергетикалық сусын, тәтті тағам, фаст-фуд: Бедеулікке не себеп?

Энергетикалық сусын, тәтті тағам, фаст-фуд: Бедеулікке не себеп?

  1. 2021 жылы Президент тапсырмасымен іске қосылған «Аңсаған сәби» жобасы аясында экстракорпоральды ұрықтандыруға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген еді. 
  2. Динара Бекетаева  талай емхананың табалдырығын тоздырды. Кейін «Аңсаған сәби» бағдарламасының барын естіп, көмегіне жүгінді, бірақ бір емес бірнеше рет ұрықтандыру тәсілі жасалғанымен нәтиже болмады. Көңілі құлазыды, үмітін де үзген еді. Дегенмен, табандылықтың арқасында аңсаған арманына жетті.
  1. Динара Бекетаева, қала тұрғыны:
  1. Шынымен аңсаған сәбиіміз ғой бұл біздің. Қазір өте бақыттымыз. Аңсаған сәби бағдарламасының арқасында көп отбасылар осындай бақытқа ие болып жатыр. Қызымыздың қылығы өте тәтті, күннен күнге тәтті.
  1. Марал Жұрынова, акушер-гинеколог, Репродукция орталығының медициналық қызметтер сапасын бақылау директоры:
  1. Орта есеппен алғанда 2021 жылдан бері әрбір жыл 7000квота бөлініп келді. 2026 жылға да 7000 квота бөлінді. 14 мың бала осы бағдарламаның арқасында дүниеге келді.
  1. Квота саны азаймағанымен, сұраныс та төмендемей отыр. Қазақстандағы бала туу жасындағы отбасылардың 15 пайызында ұрпақ жсүю көрсеткіші төмен. Яғни, елдегі әр алтыншы жұп сәбидің иісін аңсап жүр.
  1. Салтанат Байқошқарова, Биология ғылымдарының докторы, профессор, «NGC» Халықаралық репродукция орталығы және «Экомед» адам ұрпағын өрбіту клиникалар тобының ғылыми директоры:
  1. Жүктілік болмай жүрген отбасылар көбейіп келеді. Өйткені, ол әлеуметтік факторға байланысты. Кеш үйлену, кеш балалы болу, уақытын өткізіп алу. Экологиялық факторлар, таза, ауа, таза тағам жоқ, таза жүріс жоқ.
  1. Марал Жұрынова, акушер-гинеколог, Репродукция орталығының медициналық қызметтер сапасын бақылау директоры:
  1. Бедеулік бойынша 15мың әйел адам, 5 мыңер адам диспансерлік есепте тұр.
  1. Есепте тұрған ерлердің тізімі бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Осыған дейін бар кінәрәт тек әйелде деп келген біржақты түсініктің де себебі белгілі болған секілді.
  1. Гүлнұр Шагадатова, репродуктолог:
  1. Соңғы 1-2 жылда ерлердің қаралымы жоғарылап барады. 15-20 жыл қараламай келген ер пациенттер бар.
  1. Марал Жұрынова, акушер-гинеколог, Репродукция орталығының медициналық қызметтер сапасын бақылау директоры:
  1. Бұрын басым көпшілігі, әйелдер болатын болса, жалпы ерлер денсаулығының тексеріліп, солардың дұрыс диагностика қойылуына байланысты қазір 50/50 дейміз.
  1. Көмекке жүгінгендердің шамамен 60 пайызы - 30-40 жас, 20 пайызы – 40 жастан асқандар. Қалғаны – 20-29 жас аралығындағы жас жұбайлар. Дәрігерлерді алаңдататыны да осы соңғы санат. Жап-жас қыз жігіттердің денсаулығы неге сыр беріп жүр?
  1. Марал Жұрынова, акушер-гинеколог, Репродукция орталығының медициналық қызметтер сапасын бақылау директоры:
  1. 20-29 жас аралығында келетін жұптардың ең бірінші мәселесі, шамадан тыс толып кетуі, одан кейін ер адамдардың жыныстық инфекцияға шалдығуы.
  1. Салтанат Байқошқарова, Биология ғылымдарының докторы, профессор, «NGC» Халықаралық репродукция орталығы және «Экомед» адам ұрпағын өрбіту клиникалар тобының ғылыми директоры:
  1. Ерте жыныстық қатынас, кездейсоқ жыныстық қатынас. Қазір мораль азайған заман ғой. Қыз боп күйеуге тиетіндер аз, қызбенен байланыспай үйленетін жігіттер аз.
  1. Раушан Сайлауқызы, тілші:
  1. Отбасы шаңырақ құрған соң бір жыл ішінде балалы болмаса бірден дәрігерге қаралуы тиіс. Мамандар, пациенттердің басым бөлігінде  аналық, аталық бездердің қабынуы, жатыр түтікшелерінің бітелуі, эндокриндік жүйедегі өзгерістер секілді  физиологиялық себептердің өте жиі кездесетенін айтады. Бірақ, туабітті жағдайлардан бөлек, осындай диагноздарға алып келетін сыртқы факторлар да жоқ емес. Салдарын зерделесек бар гәп – адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінде сияқты. 
  1. Алмагүл Ахметова, Қазақстан репродуктологтар қауымдастығының вице-президенті:
  1. Мысалы, бір себебі созылмалы стресс. Кейде бедеуліктің себебін анықтай алмай жатамыз. Кейін науқаспен сөйлесе келе оған стрестің әсер еткенін түсінеміз. Сондықтан қазір репродуктивті психологияға көңіл бөле бастадық.
  1. Екінші себеп - тамақтану режимінің бұзылуы мен зиянды әдеттерге әуестік.
  1. Гүлнұр Шагадатова, репродуктолог:
  1. Балалаларымыз сыртта жүріп тамақтануға әуес. Бір рет, екі рет емес жүйелі түрде үнемі фаст-фуд, газдалған сусын, әр сусының ішінде газдан бөлек қаншама теріс қоспалар бар. Соларды жиі қолданады.
  1. Марал Жұрынова, акушер-гинеколог, Репродукция орталығының медициналық қызметтер сапасын бақылау директоры:
  1. Жас қыздардың, жас жігіттердің ерте кезден темекі тарту, алкоголді пайдалануы, энергетикалық сусындарды аз тамақтанған кезде пайдалануы сол да әсер етеді.
  1. Құтыдағы сусынның қандай құдіреті бар, өзі? Дүкен иесі Темірхан Сафаровтың айтуынша, энергетикалық сусын қазіргі жастардың негізгі ас-ауқатына айналған. 
  1. Темірхан Сафаров, азық-түлік дүкенінің иесі:
  1. Жастар өте көп келеді, әсіресе таңертең аш қарынға алады, себебі, энергетикалық сусынды ішетін болса энергия береді дейді. Жұмысты жақсы жасаймыз дейді. Бір күнде 10 шақтысын алатын тұтынушылар бар. Бағасы қаншалықты қымбаттағанына қарамастан энергетикті тұтына беретіндер көп.
  1. Алмагүл Ахметова, Қазақстан репродуктологтар қауымдастығының вице-президенті:
  1. Энергетикалық сусындарды жиі ішкен адам дұрыс ұйықтамайды. Ұйқы дұрыс болмаса ішкі жүйке жүйесі бұзылады. Ол адамның репродуктивтілік дамуын тежейді. Құрамындағы кофейн, қанттың көптігі ер мен әйелдің организмінде гормоналдық өзгерістерге әкеледі.
  1. Құралай Атагелдиева, Назарбаев университеті Медицина мектебінің  профессоры, ғалым:
  1. Қандағы қанттың деңгейінің жоғарылауы аталық бездердің дұрыс дамымауына әкеліп жатады. Аталық гаметалардың дұрыс дамымауына алып келеді. Аталық гаметалар ұрықтануға мүмкіншілігі төмен болады.
  1. Одан өзге тез дайындалатын өнімдер де ұрпақ өрбітуге кесірін тигізеді.
  1. Еңлік Асқар, репродуктолог, PhD, Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры:
  1. Оның ішінде шетелден келіп жатқан тез дайындалатын тағамдар, рамен мысалы қазіргі таңда бедеулік тудыратын тағам екені зерттеліп дәлелденіп отыр. Тіпті, раменның сыртқы құтысын қарасаңыздар, соның төменгі жағында кішкентай жазумен көрсетілген. Бұл тағамды көп пайдалану болашақта бедеулікке әкелуі мүмкін деген.
  1. Сол секілді жоғары сортты ұн мен ұннан жасалған өнімдері, қант қосылған тәтті тағамдар мен өңделген, яғни рафинадталған өнімдердің де репродуктивті дамуға зияны көп.
  1. Құралай Атагелдиева, Назарбаев университеті Медицина мектебінің  профессоры, ғалым:
  1. Рафинадталған өнімді көп қолданады тамаққа, олар тез сіңірілетін көмірсуларға бай. Тез сіңірілетін көмірсулар инсулин резиденттілікті күшейтеді. Ал инсулин резиденттілік жаңағы аналық безінің поликситоз ауруындағы бірден бір себеп.
  1. Раушан Сайлауқызы, тілші:
  1. Отандық мамандардың болжамы мен шетелдегі зерттеулердің тұжырымы ұқсас. Мәселен, Гарвард университетінің ғалымдары да жаңа біздің мамандар айтып тұрған тез дайындалатын тағамдар, газдалған және энергетикалық сусындар, дайын соустар, тәттілер мен тоқаштар секілді «Ультра-өңделген тағамдарды» жиі тұтыну әйелдердегі овуляция процесін әлсіретіп, әрі жатырдың ұрықты қабылдау қабілетіне кері әсер етеді деген болжам жасаған. Екіншісі, трансмайлар. Кондитерлік өнімдер мен маргариндер және қайта-қайта қыздырған майлардың құрамындағы трансмайлар жасуша мембранасының құрылымын өзгертеді. Гормоналдық дамуды бұзады. Әйелдердегі овуляцияның бұзылуына әкеледі деп қортынды шығарған. Үшіншісі қантты сусындар. Америка мен Данияғалымдары бірлесіп, қантты сусындарды көп тұтынатын бір топ ер азаматтардың ұрығын талдаған.  Нәтижесінде инсулин шамадан тыс бөлініп, ерлердегі сперматозоидтың саны мен сапасына айтарлықтай зиян екенін анықтаған.
  1. Мінекей, бала сүю қабілетін төмендететін факторлардың бірқатары осы. Иә, елде демографиялық проблема бар. Халық саны анағұрлым тез өсіп жатқан жоқ. Ал ажырасу көрсеткішінің 20 пайызы дерлік осы – бала сүйе алмаудың салдарынан деп топшыланады. Бұл себептерді былай ысырып қойғанда, бала – шаңырақтың шамшырағы емес пе?! Туабітті немесе созылмалы аурулардың емі бөлек екені түсінікті, ал біз келтірген зиянды әдеттерден өзіңді тежеуге болатын секілді. Әрине, үйіңізде сәбидің үні естілсін десеңіз.

Бөлісу