Астанада Талдау мектебінің бесінші маусымы ашылды
Астанада Талдау мектебінің бесінші маусымы ашылды. Биылғы оқу бағдарламасы «Smart Governance: деректер, аналитика және жасанды интеллект» тақырыбына арналған. Жобаға қатысуға 1000-нан астам өтінім түскен болатын. Конкурстық іріктеуден 71 қатысушы өтті, яғни бір орынға 14 адам үміткер болды. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа кезеңнің алғашқы дәрісінде цифрлық технологиялар дәуіріндегі талдау жұмысының тұжырымдамалық қырлары туралы айтты. Сондай-ақ, кәсіби кейстерге тоқталып, өзінің кеңестерімен бөлісті. Аналитиктердің үлкен деректермен жұмыс істеу әдістеріне назар аударды. Оқыту бағдарламасы сегіз аптаға жалғасады. Қатысушыларға әлемдік сарапшылар да дәріс оқиды. Қорытындысы бойынша аналитикалық материалдар жинағы жарық көрмек. Ұсынымдар жинақталған құжат Парламент депутаттарына және тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Мемлекет басшысы аналитикалық қабілеттері жоғары және тың тәсілдерді меңгерген мамандардың жаңа толқынын даярлаудың маңызды екенін үнемі айтып келеді. Бұл ретте талдау қабілеті мен заманауи цифрлық мүмкіндіктердің үйлесімі аса маңызды. Талдау мектебі - осы бағыттағы мақсат-міндеттерді іске асыруға қосқан біздің нақты үлесіміз.Айна Задабек, Сенат жанындағы «Талдау мектебі» жобасының қатысушысы:
Мен бірден өзім ішімде пайда болған инсайттарды жазып алып отырдым. Шынында да, біз терең дүниелерге жай ғана қарамауымыз керек екен. Біз картинаны қарауымыз керек. Бұл менің ойымша өте бір өзекті дүниелер.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы