Еліміз бойынша қызылша жұқтыру дерегі 85% төмендеді
Еліміз бойынша қызылша ауруын жұқтыру дерегі өткен жылмен салыстырғанда 85%-ға төмендеді. Жыл басталғалы жұқтырғандар саны 372-ге жеткен.
Олардың дені – 1 мен 5 жас аралығындағы балалар. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 14 жасқа дейінгі науқастардың 77%-ы екпе алмаған балалар болып отыр. Қазір барлық облыста ауырған адамдары саны кездеседі. Бірақ былтырғыдай кезек пен кептеліс жоқ. Ал науқастар арасында жасы 20-ға жақындаған жігіттер де бар.
Ұлболсын Баймұсаева, қала тұрғыны:
Иә, менің балам 18-ге келген сол қызылшамен ауырып жатыр. Дене қызуын біз ойламадық, басқа нәрсе шығар десек, қызылша болып шықты. Азанда температурамен осы жерге алып келіп жатқыздық. Қазір температурасы түсіпті.
Мамандар елді екпе алуға шақырып отыр. Өйткені елімізде вакцинация қорғаныс екенін түсінбейтін адамдар да бар. Мәселен, былтыр елімізде 19 мың адам екпе алудан бас тартқан. Айта кетейік, былтыр еліміздің 7 өңірі ауру саны бойынша алдыға шығып кеткен еді. Өткен жылы 4 мың адам жұқтырса, оның мыңға жуығы бір ғана Жамбыл облысында кездесті.
Наргиз Мұратқызы, Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің бас сарапшысы:
77 пайыздың ішінде 50 пайызы ол ата-аналардың бас тартуына байланысты. Содан кейін 22 пайызында ол медициналық көрсетілімдері бар балалар арасында және 28 пайызында екпе жасына жетпеген балалар арасында. Қызылшаны емдеудің нақты әдісі жоқ. Алдын алудың жалғыз сенімді құралы ол – уақытылы вакцинация.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы