«Жетісу» телеарнасының құрылғанына - 20 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жетісу» телеарнасының құрылғанына - 20 жыл

19.03.2019

Шығармашылық ұжым айтулы датаға орай түрлі мәдени-көпшілік, спорттық жарыстар мен қайырымдылық акцияларын өткізуді жоспарлап отыр. Телеарна қатарында қызмет етіп, зейнетке шыққан ардагерлерге құрмет көрсетіліп, арна тарихынан сыр шертетін мерейтойлық кітап жарық көрмек.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде телекомпания басшысы Бейсен Құранбек мерейтойлық жоспарларымен бөлісіп, мақсаттарын тізбектеп берді. Алдағы уақытта арна жанынан кино бөлімін құрып, Жетісу өңірлік радиосын ашу мәселесі қаралып жатқанын атап өтті.

Бейсен Құранбек, «Жетісу» телеарнасының бас директоры:

- «Жетісу» телеарнасының 20 жылдығын атап өтудегі мақсат - осы жылдар ішінде қол жеткізген жетістіктерімізбен, табыстарымызбен өзіміздің патша көңілді көрермендермен бөлісу. Солармен бірге алдыға жаңа мақсаттар, жаңа межелерді анықтап, соған жетудің жолдарын қарастыру.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу