«Qazsport» телеарнасы «Халықтың сүйіктісі – 2025» атағын алды
«Qazsport» телеарнасы «Халықтың сүйіктісі» атанды. Кеше Астанада «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Үздіктер анықталған шара барысында «Qazsport» телеарнасы «Табыс және даму» номинациясын иеленді. Еліміздегі тұңғыш спорттық телеарна 2013 жылдан бастап хабар таратып келеді. Телеарна әлемдік деңгейдегі ірі спорттық жарыстар, халықаралық чемпионат, құрлықтық біріншіліктер мен Олимпиада ойындарынан тікелей көрсетілімдер ұсынады. Ұлттық сыйлықтың биылғы 15-маусымында жаңадан тағы екі аталым қосылған. Сұлтанбек Бекешев «Жылдың жастар көшбасшысы» болса, Асхат Аймағамбетов «Жылдың медиа тұлғасы» атанды.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04