Жол қозғалысын реттеген қарағандылық азаматқа халық разы болды
Әлеуметтік желіде миллиондаған қаралым жинаған бұл бейнежазбаны кейіпкеріміздің жұбайы түсіріп алған. Қарағандылық Ерлан Нұртазин істен шыққан бағдаршамның салдарынан ұзын-сонар кептеліске тап болған. Кейін жағдайды реттеу үшін көлігін тастап, жүргізушілерге бағыт бағдар берген. Полиция қызметкерлері келгенше жарты сағат бойы қозғалысты реттеп, кептелісте қалған жедел-жәрдемге де көмек беріпті. Жұртшылық Ерлан Нұртазинге әлеуметтік желі арқылы алғысын білдіріп, тәнті болуда. Полиция қызметкерлері мен қала тұрғындары да көрген жерінде алғысын айтып, танып жататын көрінеді.
Ерлан Нұртазин,
Қарағанды тұрғыны:
Бір-біріне жол бермей жатты. Барлығы асығып тұрды. Жолдың ортасына шығып, сен былай бар, сен былай бар деді. Мына жақтан жедел жәрдем келе жатты, оны жібердім. Автобус келе жатты, қаншама халық бар. Оны жіберіп алдым.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06