Ақтөбеде жолды күтіп ұстау мекемелерінің жұмысы бақылауда
Ақтөбе облысында қыс мезгілінде жолды күтіп ұстау талаптарының бұзылғаны анықталды. Тек жыл басынан бері осындай сегіз дерек тіркелген. Жолдарға көктайғаққа қарсы тұз бен құм қоспасы төселетіні белгілі. Мамандардың айтуынша, тұздың мөлшері нормадан асып кетсе, асфальт жамылғысын бүлдіруі мүмкін. Құм түйіршіктері де талапқа сай болуы тиіс. Сондықтан инертті материалдар алдын ала зертханада тексерістен өтеді. Осы уақытқа дейін 12 карьердің шикізатынан сынама алынған. Оның үшеуі теріс нәтиже көрсетіп, жұмыстары тоқтатылды.
Талғат Бижанов, «Жол активтері сапасының ұлтық орталығы» кәсіпорнының Ақтөбе облыстық филиалының инженері:
Қисық сызықты білемдердің асты қардан тазаланбаған. Жол жиектеріндегі валиктер бар, қар жиналып қалған. Сосын жол белгілері майысып қалған. Соларды жөндеуге «Қажсервис» мекемелеріне ескерту жібереміз.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16