Қостанай облысына 3 мыңдай қандас көшіп келген
Қостанай облысында соңғы сегіз жылда 3 мыңға жуық қандас атажұртына оралды. Олардың арасында ағайын-туысты жиып, әулет болып қоныс аударып келгендер де бар. Бүгінде түрлі салада еңбек етіп, елдің дамуы мен ілгерілеуіне өз үлестерін қосып келеді. Толығырақ өңірдегі тілшіміз Мәдина Нағашыбай баяндасын.
Махат пен Жақсыгүл осыдан бір жыл бұрын Өзбекстанның Үшқұдық қаласынан
Рудный кентіне келді. Екі қыз,
бір ұл тәрбиелеп
отырған берекелі отбасы. Ал көштің
алдыңғы легі – ағайындары.
Әуелі әулеттің үлкендері
атамекенге оралды. «Балалардың өз
елінде ер жеткенін қаладық», -
дейді. Бүгінде мемлекет қолдауымен қаладан пәтер алып, екеуі де тұрақты
жұмысқа
орналасқан.
Махат Қанатбай, қандас:
Ағайын-туыс осы жақта, баршылық. Әке-шешем осы жаққа 2010 жылы көшіп келді. «Соколов» деген кенде жұмыс істеп жатырмын. Жұмысым жақсы. Мамандығым тракторшы. Жақсы сіңісіп кеттім. Ол жерде де қандастар бар. Сол балалар үшін көшіп келдік.
Ал Жақсыгүл
Ақпар №19
мектепте мұғалім. 20
жылдан аса еңбек өтілі, жоғары білімі бар білікті маман.
Мектеп бағдарламасындағы өзгешелікке
қарамастан, бірден жаңа жүйені
меңгеріп алды. «Балаларым да жаңа ортаны жатырқаған
жоқ», -
дейді.
Жақсыгүл Ақпар, қандас:
Өзі ұлым 2017 жылы туғанда айтқанбыз, баламызды атажұртқа, келіп мектепке береміз дедік. Сол ниетімізге жеттік, орналастық. Өзіммен бірге және бір бауырымды ертіп келгем. Олар да жайғасты. Мемлекеттің берген көмегіне алғыс білдіреміз. Балаларымыз мектепке жайғасты. Тез үйренісіп кетті.
Соңғы 8 жылда Қостанай облысына 8700-ден аса
адам қоныс аударса, соның 3 мыңға жуығы қандас
мәртебесін алғандар. Мемлекет көші-қон
саясаты мен еңбек нарығын реттеу үшін ниет білдіргендерді барынша қолдайды. Шығынын өтеп, баспаналы болуға мүмкіндік
береді. Былтыр өңірде
бұл мақсатқа 150 квота бөлінсе,
биыл оның саны артып, 200-ге жетті.
Мәриям Әбдіраш, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының бас маманы:
Қандастарға берілетін көмек бірреттік көшіп-қонуға төленеді. Яғни, ол қалалық және ауылдық жерге байланысты. 70 АЕК отбасы мүшелеріне арналады. Субсидия - егер пәтерді жалға алатын болса, онда оған коммуналдық тұрғын үй және жалға алып тұратын ақша ұсынылады.
Ал баспаналы болу үшін
соңғы алты айдағы тұрақты табысын көрсетіп, мемлекет тарапынан 1625
АЕК көлемінде көмекқаржы
ала алады. Былтыр 22 азамат осы мүмкіндікке қол жеткізді. Мамандардың айтуынша, шетелден көшіп келген қандас азаматтардың дені тұрақтап
қалып жатыр. Көбіне Рудный, Жітіқара қалалары мен Бейімбет Майлин
ауданына қоныстанған.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасы ұзақ мерзімді стратегиялық бағытты айқындап берді
14.02.2026, 20:10
Тарихи-мәдени мұраның Конституциялық құндылықтар жүйесіндегі рөлі талқыланды
14.02.2026, 20:09
Ақмола облысында мал шаруашылығын дамытуға арналған халықаралық форум өтті
14.02.2026, 20:08
«Референдум-2026» онлайн-марафонына 100-ден астам сарапшы қатысты
14.02.2026, 20:08
Тұсаукесер: Бүгін «Көкжиектен асқан үн» халықаралық шоуы көрсетіледі
14.02.2026, 20:07
Мемлекеттік кеңесші Ішкі саясат мәселелері жөнінде кезекті республикалық кеңес өткізді
14.02.2026, 20:06
Шайдоровтың жеңісін шетелдік БАҚ жарыса жазып жатыр
14.02.2026, 20:06
Астанада 2027 жылы УЕФА-ның 51-конгресі өтеді
14.02.2026, 20:04