Басты Жаңалықтар Әкесін сабаған Түркістан облысының азаматы сотталды

Әкесін сабаған Түркістан облысының азаматы сотталды

Түркістан облысында әкесін ұрған ер адам бүгін сотталды. Жетісай аудандық соты оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотта 41 жастағы Алмас Садақбаевтың 2020 жылдан бері денсаулығы нашарлап, қозғалуында қиындықтары болған 70 жастағы әкесін жүйелі түрде ұрып-соққаны дәделденді. Салдарынан жәбірленуші физикалық және психикалық азап шегіп, денсаулығына ауырлығы орташа деңгейдегі зиян келген. Прокурор 6 жыл 2 ай мерзімге жаза тағайындауды, ал сотталушының өкілі жеңіл жаза беруді сұраған. Сотталушы да кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірген. Сот жаза тағайындау кезінде айыпталушының бұрын сотталмағаны, кінәсін мойындауы және өкініш білдіруі мен кәмелетке толмаған балаларының болуын ескерді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мұхтар Жолдасов, судья:

Сот Садақбаев әкесін дәрменсіз күйде азаптау, қинау іс-әрекеті дәлелденді деп табады. Сонымен бірге әкесіне орта дәрежелі зиян келтіргені де дәлелін тапты деп санайды сот. Сот сараптама қорытындысы да осындай несін бағаланып атыр. Оның қабырғалары сынған, мұрны сынған. Алайда ол кеш эксгумация болуына байланысты оның өлім себебі анықталған жоқ.

Еске салайық, бұл жағдай Шардара ауданында болған. Оқиға былтыр қария қайтыс болғаннан соң жарияланған еді. Куәгерлер жасырын түсірген бейне кадрде жас жігіт өздігінен жүруі қиын сырқат әкесін сүйрелеп, ұрады. Көршілердің білуінше мұндай жағдай жиі қайталанған көрінеді.


Бөлісу