Ақтөбе облысындағы екі ауылда спорт кешені ашылды
Ақтөбе облысының екі ауылында спорт кешені ашылды. Шалқар ауданына қарасты Бозой елді мекенінде спортқа қызығатын жастар көп.
Сондықтан олар заманауи нысанның ашылғанына ерекше қуанды.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына 444 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Ғимаратта онға жуық спорт түрімен айналысуға мүмкіндік бар. Ал, Кішіқұм ауылдық округіне қарасты Шілікті елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысына Ұлттық қор мен республикалық, жергілікті бюджеттерден 413 миллион теңге жұмсалды. Жаңа нысанда қазақ күресі үйірмесі де жұмыс істейді.
Ернұр Тағыберген, оқушы:
Ауылымызда осындай үлкен спорт кешені салынды. Біздің мықты-мықты ағаларымыз бар чемпион болған. Біз де солардың жолын қуып, чемпион боламыз. Біз енді бос уақытымызды осында өткіземіз.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16