Биыл жаңа бюджеттік жобаларға қаржы бөлінбейді
Батыс Қазақстан облысында биыл жаңа жобаларға, әлеуметтік гранттарға, мәдени шараларға бюджет қаражаты бөлінбейді. Себебі үш жылдық бюджет параметрлері өзгерген.
Қазына қаржысының кіріс-шығысын облыстық қаржы басқармасының басшысы жіліктеп түсіндірді. Айтуынша, биыл, мысалы, жол құрылысына тек 15 млрд теңге қаражат қаралған. Оның өзі былтыр басталған жобаларды аяқтауға ғана бөлініп отыр. Ал өткен жылы жол салып-жөндеуге бір ғана облыстық бюджеттен 40 млрд теңге жұмсалған еді. Тұрғын үй құрылысы, өзге де инфрақұрылымдық жобаларға бюджет қаражаты көзделмеген. Енді ірі жобаларға қаражатты кен игеруші компаниялардың әлеуметтік қолдау есебінен табу жоспарланып отыр. Сондай-ақ биыл жаңа мәдениет нысандары салынбайды, бюджет есебінен. Жаңа әкімшілік ғимараттарды салу, сатып алуға да тыйым салынды.
Нұрлан Есенғалиев, облыстық қаржы басқармасының басшысы:
Қыркүйекте Үкіметтің қаулысы шыққан болатын, яғни әлеуметтік салада жаңа бастамаларға қаржыны бөлуді тоқтату жөнінде мораторий келді. Бір мекемені ашу, қандай да болсын гранттар, сондайға жол берілмейді. Республикалық бюджеттің тапшылығына орай биылғы жыл өте күрделі болады. Бірақ әлеуметтік міндеттемелер сақталған, толық қамтылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы