ШҚО-да -53 градусқа дейін аяз болды
Шығыстағы Алтай ауданы Парыгино ауылында аяздың күші рекордтық көрсеткішке жетті. Соңғы үш тәулікте осы маңдағы елді мекендерде түнде термометр бағаны -51-53 градусты көрсетті. Өңірлік «Қазгидромет» алдағы тәуліктерде аяз одан әрі қаһарына мініп, күшеюі мүмкін екенін хабарлады. Дегенмен жергілікті тұрғындар мұндай аязға үйренгендерін айтады. Бұл ауыл аудан орталығы Алтай қаласынан 30 шақырым жерде. Округте 905 адам тұрса, оның 833-і елді мекеннің өзінде тұрады. Әлеуметтік мекемелер қалыпты жұмыс істеп тұр.
Жергілікті ауыл тұрғындары біледі. Ауылда 7 ай қыс болатынын. Сондықтан жаз кезінде қысқа дайындайды отын көмірлерін. Ауылда тұратын қарттарымыз бар, оларда әлеуметтік көмекшілері бар. Олармен хабарда отырмыз. Әкімшілікте WhatsApp топ құрылды. Тәулік бойы кезекшілік өткізіп, коммуналдық қызметтер жұмысын істеп жатыр. Жолдар бар, аурухана бар. Дүкендер істеп тұр.
Шығыста алдағы күндері де қатты аяз болады. Өткен түнде шығыстағы Алтай,
Самар, Марқакөл және Қатон-Қарағай ауданындағы кейбір ауылдарда термометр
бағаны -43-45 градус суықты көрсетті. Аяз қатты бұл елді мекендердің көбі
Бұқтырма мен Ертістің жағасына қоныстанған. Ал бүгін облыстағы барлық аудан мен
қаладағы орта мектеп оқушылары онлайн оқып жатыр. Кеше кешкі 20:00-ден бүгін
таңғы 8-ге дейін дизельмен жүретін
автокөліктердің жүруіне шектеу қойылған. Қазір барлық бағыт ашық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы