Қордай асуында жол жабылды
Қар қылауласа дереу жабылып қалатын Қордай асуында тағы да көліктер тоқтап тұр. Тәртіп сақшылары таңнан бері жол қозғалысын шектеді.
Өйткені Алматы бағытындағы автобан бойында күн райы күрт нашарлап, қар аралас жаңбыр жауған. Арты көктайғаққа ұласуы салдарынан полиция жолаушыларға жол көрсетіп, көліктерді автодәліз арқылы алып жүрген. Енді қазір суыра соққан қарлы желдің соңы қатты боранға ұласуы мүмкін. Сондықтан жаңа Қордай асуы аумағындағы автожолдың 159 және 238 шақырым аралығы барлық көлік түрлері үшін уақытша жабық. Полиция жүргізушілерден алыс жолға шықпауды, жылдамдықты асырмауды сұрайды.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16