Елімізде саяси науқандарды өткізу тәртібіне өзгеріс енгізіледі
Саяси науқандарды өткізу тәртібіне өзгеріс енгізіледі. Бүгін Сенат депутаттары бірлескен комиссия құрамын бекітті. Атап айтқанда, Нұрлан Бекназаров, Сүйіндік Алдашев, Наурызбай Байқадамов және Мұрат Қадырбек сайланды. Еске салсақ, кеше Мәжіліс те өз құрамын жария еткен еді. Енді қос палата депутаттары заңды бірге талқылайды. Құжат қабылданса, заң саяси науқандар кезінде ашықтық пен әділдікті нығайта түспек. Бұрын кандидаттар бірден 2-3 округте көп дауыс жинаса, тек бір мандатты таңдайды да, қалғаны бос қалатын еді. Енді олар өздерін бір мезетте бірнеше сайлау округінде ұсына алмайды.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15