Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдап, былтырғы қаржы нарығының қорытындылары туралы есебін тыңдады. Ақпаратқа сай, банк секторы тұрақты: активтер 11%-ға өсіп, 68,3 трлн теңгеге жетті. Бизнеске берілген кредит 14,8 трлн теңгені құраған. Шағын және орта бизнеске 505 млрд теңге несие кепілдіктері берілді. Тұтынушылық несие екі есе азайып, 703 мың азаматтың қарызы реттелді, 56 мың адамның 209,7 млрд теңге берешегі кешірілді. Қаржылық алаяқтыққа қарсы шаралар күшейтіліп, 58 қаржы ұйымы лицензиясынан айырылды. Президент қаржы тұрақтылығын сақтау, нақты секторды несиелеуді арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау жөнінде тапсырма берді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18