Президент Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының президентін қабылдады
Елімізде 85 мыңнан аса адам шаңғы спортымен тұрақты түрде шұғылданады. Ол үшін елімізде тау шаңғысы мен шаңғы жарысы кешендері, халықаралық деңгейдегі мұз ареналары секілді заманауи инфрақұрылымдар бар. Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының президенті Йохан Элиашты қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Мемлекет басшысы еліміз жақында Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалып жатқанын да жеткізді. FIS президенті спортқа қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, қазақстандықтар әлемнің байрақты бәсекелерінде лайықты өнер көрсетіп жүргеніне назар аударды. Президент елімізде шаңғы және сноуборд спортының дамуына қосқан үлесі үшін Йохан Элиашты II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы