Көлік нөмірін онлайн алу жолы түсіндірілді
Қазақстанның электронды үкіметінің баспасөз қызметі көлікке нөмірді онлайн алу қызметін түсіндірді. eGov қосымшасында таңдаулы нөмірді алу қызметі іске қосылғанымен, азаматтар бірқатар қиындыққа тап болып жатыр. Қызмет ақысын төлегеннен кейін нөмір сол иесіне бекітілмей, қосымшада әлі де қолжетімді күйде қалған. Бұл мәселені шешу үшін өтінімді қайта тапсыру қажет. «Бұрын төленген» деген тармақты таңдап, банк атауы мен төлем жасалған күнді көрсету керек. Процесс аяқталған соң нөмір пайдаланушыға бекітіліп, басқа өтінім берушілер үшін қолжетімсіз болады.
Айта кетейік, eGov қосымшасы мен электронды үкімет сайтында мемлекеттік нөмірді
онлайн алу қызметі арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында қалың
кезек пен әбігерді болдырмау үшін енгізілген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы