Басты Жаңалықтар Көлікті мас күйде айдаған жүргізушіні тексеру жүйесін өзгерту қажет

Көлікті мас күйде айдаған жүргізушіні тексеру жүйесін өзгерту қажет

Мас күйде көлік жүргізгендерді тексеру жүйесін өзгерту керек. Депутат Жанна Асанова Үкіметке осылай деп сауал жолдады. Қазіргі тәртіпке сәйкес, жол полициясы ішімдік ішкені туралы айқын белгілерді анықтаса, жүргізуші жауапқа тартылады. Ал жүргізушінің өзі мұнымен келіспеген жағдайда медициналық мекемеге барып, мас күйде емес екенін дәлелдеу үшін сараптамадан өтуі керек. Сараптама тек мемлекеттік зертханаларда жасалады. Жанна Асанованың айтуынша, елде олардың саны тым аз. Мәселен, Алматыда небәрі екі зертхана бар. Облыс бойынша мас күйде деген күдікке ілінген жүргізушілердің бәрі сонда барады. Нәтижесінде тексеріс дұрыс өтпейді. Жүйені реттеу үшін сараптаманы жеке медициналық мекемелерде өткізу керек, дейді депутат.

Жанна Асанова, Сенат депутаты:

Құқық қорғау органдары қаланың бір шетінде ұсталған жүргізушіні қаланың орталығына апаруға мәжбүр. Жүргізушінің өзіне де моральді түрде қиын. Ұзын кезекте тұрады. Сондықтан біздің ұсынысымыз – зерттеулерді жекеменшік лаброторияларда өткізу.


Бөлісу