Ақтауда борышкерлерден 280 млн теңге өндірілді
Ақтауда борышкерлерден 280 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.
Прокуратура органдары алиментті уақтылы өндіру және мемлекет пайдасына
қаражатты қайтару мәселесін қатаң қадағалауда. Нәтижесінде былтыр 174 миллион теңгеден астам қаражат өндірілген. Кірісін жасырып, ата-аналық міндетін орындаудан жалтарған 52 борышкер әкімшілік жауапқа тартылып, 19 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде мемлекет кірісіне әкімшілік айыппұлдар, мемлекеттік баж және салықтық берешектерді қосқанда 108 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.
Олжас Айтуар, Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы:
Борышкерлердің 4 автокөлік, сондай-ақ бір пәтер тәркіленді. Осы екі көліктің біреуі екеуі сауда-саттық арқылы сату арқылы мына берешектерін өтесе, ал қалған екі көлікті мына берешектің сомасын өтеу арқылы өндіріп алушылардың есебіне жазылған кездер болды.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00