Екі емхана сақтандыру қорынан ₸682 млн жымқырған
Астанада екі жекеменшік емхана нақты көрсетілмеген медициналық қызметтер үшін заңсыз түрде 682 млн теңге алған. Күн сайын жалған түрде тіркелетін пациенттер саны 90-нан 150 адамға дейін жеткен. 2022 жылы Қор мен клиникалар арасында жалпы сомасы 2,4 млрд теңге болатын медициналық қызметтер көрсету туралы шарттар жасалған. Оның ішінде жылжымалы медициналық пойыз қызметтері де қамтылған. 2024 жылдың қаңтар айында қылмыстық жолмен алынған табыстың бір бөлігі 364 млн теңге клиника басшысы мен оның жұбайының жеке есепшоттарына аударылған. Күдікті қамауға алынды. Қазір әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатына қатысты жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15