Аяз күшейіп, көлік қатынасын шектеу қойылды
Еліміздің бірқатар өңірінде аяз күшіне мінді. Көлік қатынасына шектеу қойылып, мектептерде сабақ доғарылды. Қазір Қостанай облысындағы ахуалды әріптесім Мәдина Нағашыбайдан білейік. Мәдина, аяздың бәсеңдейтін түрі бар ма, синоптиктер не дейді?
Мәдина Нағашыбай, тілші:
Қайырлы күн, Қонысбек! Қостанайдың да қысы қаһарына мінді. Сынап бағанасы -30 градусты көрсетіп тұр. Осыған байланысты Қостанай қаласы мен тағы бірнеше ауданның мектептері қашықтан оқуға көшті. Ал оқыс жағдайдың алдын алу мақсатында кешелі бері республикалық және өңірлік маңызы бар жолдар жабылды. Кеше кешке сағат 20.00-ден бүгін таңғы 10-ға дейін 5 бағыт бойынша дизелді және қоғамдық көліктердің жүруіне шектеу қойылды. Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндерде осындай аяз болады. Сондықтан алыс сапарға шықпас бұрын көліктің техникалық жағдайын тексеріп алған жөн. Ақмола облысындағы ахуалды білу үшін мен сөзді әріптесім Бибінұрға берем.Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Мәдина, Ақмола облысында да қаңтардың аязы қарып тұр. Бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқып жатыр. Ауа температурасы -25 градусты көрсетіп тұр. Ал желдің күшімен -37 болып сезіледі,-дейді синоптиктер. Түнде аяз 35 градусқа дейін көтерілетіндіктен, екінші күн қатарынан дизельді отынмен жүретін және қоғамдық көліктерге жолға шығуға шектеу қойылды. Ал полиция тиісті мекеме өкілдерімен бірлесіп, тұрғылықты мекені жоқ азаматтарға көмек көрсету мақсатында рейд ұйымдастырды. Нәтижесінде бір күнде 10 адам әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізілді. Қазір орталықта барлығы 20 адам мамандардың бақылауында. Жалпы қыс басталғалы үйсіз жүрген 50-ге жуық адам осындай арнайы орталыққа жеткізілген.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ЖИ инсультті 2-3 минутта дәл анықтап береді
15.01.2026, 13:27
Қазақстан дипломы шетелге де жарайтын болды
15.01.2026, 13:24
АҚШ 75 елге иммиграциялық виза беруді уақытша тоқтатты
15.01.2026, 13:21
Тегеран әуе кеңістігін жапты
15.01.2026, 13:18
Air Astana Иран аспанын айналып ұшатын болды
15.01.2026, 13:15
Ақтауда борышкерлерден 280 млн теңге өндірілді
15.01.2026, 13:12
Екі емхана сақтандыру қорынан ₸682 млн жымқырған
15.01.2026, 13:09
Алматыда қалың қар жауып, күн суыйды
15.01.2026, 13:06