Атырауда көктайғақ салдарынан бірнеше бағытта жол жабылды
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін де 9-сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқиды. Ал Атырауда көктайғақ салдарынан бірнеше бағытта жол жабылып, 71 мектеп онлайн форматқа көшті. Кеше кешке жаңбыр аралас қар жауып, артынша аяз күшейді. Республикалық маңызы бар Атыраудан-Ресей шекарасына дейінгі тас жол барлық көлік түріне жабық.Сондай-ақ облыстық маңызы бар Атырау-Индер-Қарабау жолына да шектеу қойылды. Коммуналдық мекемелер жолды тазалауға кірісті. Бір түннің өзінде жедел жәрдем станциясына тайып құлаған 100-ден аса тұрғыннан шақырту түскен.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04