Теміртау қаласында тұтас шағын аудан жылусыз қалып, кешкісін жылу берілді
Қарағанды облысы Теміртау қаласында түнде тұтас шағын аудан жылусыз қалған еді. 40-тан астам тұрғын үй мен бірнеше нысанға бүгін түс ауа жылу берілді. Қаладағы ахуалды тілшіміз Жандос Бақытұлы тарқатады.
Жандос Бақытұлы, тілші:
Ескі құбыр Теміртау тұрғындарын әбігерге салды. Аяз көтеріліп, жылу жүйесінің қысымы артқаны сол еді, тозығы жеткен құбыр бірден сыр берді. Соның кесірінен 8-ықшамауданындағы 40 шақты көпқабатты тұрғын үй, ондаған жеке үй және бірнеше бизнес нысан жылусыз қалды. Бір жақсысы - жылусыз қалған әлеуметік нысан жоқ. Аурухана, мектеп балабақша түгел жұмыс істеп тұр. Мамандар түнделетіп ақауды толықтай ретке келтірді. Ал тұрғындарға жылу тек түс қайта берілді. Алайда 50 жыл бойы күрделі жөндеу көрмеген жылу желілерінің кесірінен апат қайталануы мүмкін. Былтырдың өзінде бұл учаскеде 6 рет құбыр жарылған.
Жандос Бақытұлы, тілші:
Теміртау қаласында жылу желілерінің жалпы ұзындығы 425 шақырымдай болады. Бүгінде оның 70 пайызы тозған. Соңғы 5 жылда 125 шақырымы жаңғыртылғанымен, бұл мәселені шешпейді. Тек 5 пайызы ғана жаңартылған деген сөз. Ал биыл жоспар бойынша 35 шақырым құбыр ауыстырылмақ.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елдорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25