Басты Жаңалықтар Еліміздегі энергия тапшылығы екі жылда шешіледі

Еліміздегі энергия тапшылығы екі жылда шешіледі

2027 жылдың басында Қазақстан энергия тапшылығы бар елдер қатарынан шығады. Бұл жөнінде Энергетика министрлігі мәлімдеді. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында энергия өндіруші ұйымдардың инфрақұрылымды жаңғырту және жаңа қуаттарды құру бойынша атқарып жатқан жұмыстар қаралды. Бүгінде жалпы қуаты 15,3 ГВт болатын, инвестиция көлемі 13 трлн теңгеден асатын 81 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жауапты министрлік алдағы үш жылда қуат тапшылығын жабуға және Біртұтас энергетикалық жүйенің икемділігін арттыруға бағытталған «маневрлік генерация» сегментін іске қосу жоспарланғанын баяндады. Жалпы, 2035 жылға дейін қосымша 26 ГВт-тан астам генерациялаушы қуатты іске қосу жоспарланып отыр.


Бөлісу