Таразда 9-сынып оқушысы сотталды
Таразда мектеп дәретханасында қатарласын ұрып өлтірген 9-сынып оқушысы 7 жылға сотталды.
Сондай-ақ сотталушының заңды өкілдерінен жәбірленуші тараптың пайдасына 10 млн
теңге моральдық зиян өндірілді. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, оқыс оқиға былтыр қыркүйекте №47 орта мектепте болды. Екінші
сабақтан кейінгі үзіліс кезінде 9-сынып оқушылары мектеп әжетханасына жиналып, қатарласына жұдырық жұмсаған. Ауыр соққыдан
жасөспірім жедел жәрдем келгенше көз жұмған болатын.
Дәурен Байназаров, облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының судъясы:
Куәгердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен өз дәлелін тапты. Қылмыстық Кодекстің 106-бабы, 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған қылмыстық Кодекстің 81-бабы, 7-бөлігі негізінде, Қылмыстық Кодекстің 55 бабы, 2-бөлігі, 2-тармағы негізінде 6 жыл, 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысында 2 мың жазасын өтеуші жұмыс істейді
04.09.2026, 20:20
Көшпенділер ойындары: Қоржында 25 алтын
04.09.2026, 20:15
Айыппұлмен келіспеген жүргізуші 10 тәулік ішінде шағымдана алады
04.09.2026, 20:09
7400 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды
04.09.2026, 20:07
Ақмола облысында жыл соңына дейін инклюзияны қолдау бойынша 30 кабинет ашылады
04.09.2026, 20:05
Қытайда жойқын су тасқыны болды
04.09.2026, 20:05
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
04.09.2026, 20:05
Ұлттық банк зейнетақы активтерін кәсіби басқарушы компанияларға беру тәсілін өзгертпек
04.09.2026, 20:05