Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде жаңа Smart-аудитория ашылды
Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде жаңа smart-аудитория ашылды, Оған Қазақстанның Еңбек Ері, «Родина» агрофирмасының бас директоры – Иван Сауэрдің есімі берілді. Кәсіпкер осы оқу орнын 1980 жылы инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. Университет өкілдерінің айтуынша, аудитория заманауи мультимедиялық технологиялармен және цифрлық оқыту элементтерімен жабдықталған. Ашылу салтанатына мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми қауымдастық мүшелері мен профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты. Ал шара соңында, Иван Адамович Сауэр «Аграрлық бизнесті басқару тәжірибесі және ауыл шаруашылығының орнықты дамуы» тақырыбында дәріс оқыды.
Нұрдос Қарынбаев, ҚАЗАТЗУ Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент директоры:
Біздің университетіміздің студенттерінің басым бөлігі ауылдан келген. Сол студенттеріміз осы Иван Адамович сияқты кісінің атына берілген аудиторияда білім алып, сол кісінің өмірімен танысып, сол кісінің еңбегінен үлгі алатын болса, бұл енді әрбір аграр маман үшін үлкен баға жетпес мотивация деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы