Басты Жаңалықтар Былтыр Қарағанды облысына жарты миллионға жуық турист келген

Былтыр Қарағанды облысына жарты миллионға жуық турист келген

Қарағанды облысында әлеуметтік сала қарқынды түрде дамуда. Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен өткен шарада осы бағытта атқарылған жұмыстар талқыланып, нақты тапсырмалар берілді. Бүгінде өңірдің басым бөлігі қалалық жерде шоғырланған. Сондықтан тұрғындарды жұмыспен қамту басты назарда. Ал тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында ауылдық жерлерде медицниалық нысандар көбейді. Медицина саласындағы басты мәселелердің бірі - маман тапышлығы. Сол үшін бүгінде жергілікті билік қаржысынан мамандар білім алуда. Жиында өңірдегі білім сапасы да талқыланып, министірлік әзірлеген әдістемелік ұсынымдар негізінде тиісті тапсырма берілді. Онымен қоса білікті педагог мамандарды арттыру керектігі айтылды.  Себебі, облыс бойынша кезекте тұрған бүлдіршіндердің барлығы дерлік балабақшамен қамтылған. Және де жаңа заманауи мектептердің артуы, орын тапшылығын ретке келтірді. Қарағанды универисетті болса елімізде тұңғыш «ұлттық» мәртебесін алған жоғары оқу орыны атанды. Жыл сайын студенттер саны да артып келеді. Ал Балқаш пен Қарақаралы аудандарында туризм саласы дамып келеді. 2025 жылы өңірге жарты миллионға жуық турист келген. Сондықтан алдағы уақытта туристік аймақтар саны артпақ. Жиын соңында әр бір салаға жеке тапсырма беріліп, тұрғындар үшін ең бастысы әлеуметтік салалардың дамуы екендігі айтылды.

Бөлісу