Қазақстан АҚШ-тан электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алады
Елде әуеде ұшатын такси қызметі іске қосылады. Ол үшін АҚШ-тан электрлі eVTOL ұшақтары сатып алынбақ. Бұл - алдағы жылдары Алатау қаласында іске асатын жобаның бірі. Бүгін Мәжіліс депутаттары шаһарға ерекше мәртебе беру туралы заңды қарайды. Қаланы басқару режимі, қаржылық моделі айқындалмақ.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Алдағы 4-5 жылда Алатау қаласы цифрлық хабқа айналады. Мемлекет басшысының Қытайға сапары кезінде әлемге әйгілі компаниялармен миллиардтаған долларлық келісімдер жасалды. Соның бірі - Alatau city жобасы. Оған жаһандық технополис - Шеньчжень құрылысына қатысқан ұйым атсалысады. Ұшатын такси қызметі осы «Алатау City» жобасының аясында қаралады. Қалада озық әрі заманауи технологияның бәрі болады. Көшелерді жарықтандырудың өзі смарт жүйе арқылы жұмыс істейді. Яғни қараңғы жерлерде жарық, электр энергиясын үнемдеуге болатын жерде сәл төмен жанады. Қаланың қаржылық моделіне дейін ерекше. Сауда үйлерінде қазіргідей теңгемен емес, криптавалютамен төлем жасауға болады. Криптовалюта дегеніміз – виртуалды ақша. Оны онлайн жұмыс істеп табуға болады. Криптавалютаны орталық банк не үкімет емес, блокчейн деп аталатын жүйе қадағалайды. Демек, белгілі бір бағамға бағынбайды. Инфляция өсіп, баға шарықтап кетсе де, құны жоғалмайды. Минстрліктің айтуынша, бұл жобаның да экономикалық маңызы зор. Өйткені, инвестор тартып, туристердің санын арттырады.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00