Тұрғын үй бағасының шекті сомасын бекіту ұсынылды
Елде тұрғын үй бағасының шекті сомасы бекітілуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов айтты. «Қазір елдегі баспана бағасы сұранысқа қарай қалыптасып отыр. Яғни сатып алушылар көбейгенде күрт көтеріледі. Мұның алдын алу үшін үй құрылысы комбинаттарымен келісімшарт жасасуды қарастыруға болады», - деді вице-министр. Айтуынша, осылайша құрылыс материалдары делдалсыз, төмен бағаға алынады. Демек үй де кенеттен қымбаттап кетпейді. Бірақ шекті соманың нақты қашан бекітілетіні белгісіз. Қуандық Қажкенов әзірге мәселе жан-жақты зерделеніп жатыр деді.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16