Басты Жаңалықтар Электронды денсаулық паспортының форматы жаңарады

Электронды денсаулық паспортының форматы жаңарады

Биыл елімізде электронды денсаулық паспортының форматы түбегейлі жаңарады. Денсаулық сақтау министрлігі қазір мемлекеттік және жеке клиникаларды өз деректерін орталық қорға беруге міндеттеу үстінде. Осы уақытқа дейін eGov порталындағы денсаулық паспорты ақпараттың тек аз бөлігін көрсететін. Енді пациенттің жеке кабинетінде жедел жәрдем шақыртулар, қан орталықтарына жүгіну, екпелер және жүктіліктің барысы туралы толық ақпарт, тағайындалған дәрілер мен олардың мөлшерлемесі сияқты жаңа бөлімдер пайда болады. Болашақта жүйеге тіпті КТ және МРТ суреттері де қосылмақ. Бұрын техникалық мүмкіндіктердің жоқтығынан бұл деректер тек аурухана ішінде ғана қалып қоятын, енді бірыңғай медициналық деректер қорына жиналады. Бұл пациенттің денсаулығы туралы толық көріністі қалыптастыру және нақты диагноз қою үшін қажет дейді мамандар. Бүгінде базаның құрылымы дайын, деректерді синхрондау және архивтік ақпараттарды көшіру сияқты негізгі жұмыстар атқарылып жатыр.


Бөлісу