Автокөліктерді лизингке беру уақытша тоқтатылды
Елімізде автокөліктерді лизингке беру уақытша тоқтатылды. Қазір бағдарлама толық көлемде жұмыс істеп тұрған жоқ. Негізігі мәселе – айыппұл болып тұр. Себебі қазіргі талапқа сай, егер жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзса, айыппұлды адамның өзі емес, лизингтік компания төлейді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынған мәліметке сай, қазір бірыңғай лизингтік регламент әзірленіп жатыр. Шарттар мен талаптар түзіледі. Айыппұлға қатысты мәселе реттелгеннен кейін қайтадан лизингке рұқсат етіледі. Ал автокөлік маркаларына қатысты ешқандай шектеу болмайды.
Мұхамед Андақов, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары:
Бұл мәселелер көп туындап жатыр. Біріншіден, елімізге енді қосылып жатқан қаржылық инструмент болғандықтан, бұл мәселелердің бәрі қазір жылдамдатылып, қарастырылып жатыр. Бұл мәселелер толықтай шешілгеннен кейін бұл шартты тағы да қарастырамыз.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15