Ақтөбеде экологиялық мәдениет артып келеді
Экологиялық үйірмеге бір мектептің 200-ден астам оқушысы қатысып жүр. «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы олар белсенділіктерін арттырып, әр түрлі акциялар ұйымдастырып келеді.
Әл-Фараби атындағы номері 21-інші мамандандырылған гимназияда өткен сондай
шараның бірі
– ««Таза Қазақстан»: бүгінгі қадам, ертеңгі нәтиже» деп аталды.
Оған 120 оқушы қатысты. Арнайы шақырылған мамандар қоршаған ортаны қорғауға
қатысты соңғы әдістер мен талаптар жөнінде дәрістер оқыды. Сондай-ақ,
экологиялық қауіпсіздік тақырыбында қызықты әрі қажетті ақпарат ұсынды.
Мектепте «Эко про» үйірмесі жұмыс істейді. Оны биология пәнінің тәжірибелі
мұғалімдері жүргізеді.
Зейнеп Өмірзақова, Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия директорының орынбасары:
Экологиялық мәдениет ол тек бір күндік акция, бір күндік науқанда жүзеге асырылатын дүние емес, ол оқушының бойында кішкентай күнінен қалыптастырылатын экологиялық әдет. Сонда ғана «Таза Қазақстан» акциясы өзінің мақсаттты міндетіне жетеді деймін.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16