Есірткімен байланысты қылмыскерлердің 75% -ы жастар
Есірткіге қатысты қылмыс жасайтындардың 75 пайызы жастар. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Былтыр елімізде 4 мың есірткі қылмысының жолы кесілді. Барлығы 48 тонна әр түрлі есірткі тәркіленді. Синтетикалық есірткіні тәркілеу көлемі бір жарым тоннаға жуық. Былтырдан бастап есірткіні медициналық емес мақсатта тұтынғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Қазірдің өзінде 6 мыңнан астам құқық бұзушы анықталды. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Үшінші тұлғалардың төлем карталарын пайдалануының 49 фактісі анықталды, оның ішінде 35-і есірткінің заңсыз айналымына байланысты.
Бақытжан Әмірханов, ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы:
Қылмыстық жауапқа 4884 адам ұсталды, есірткі бабы бойынша, оның бүгінгі таңда 12 пайыз құрайды. Темір тордың ар жағында, қылмыстық атқару органдарында. 75 пайызы көбінесе жастар. Оның 24 пайызы бұрын сотты болғандар.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04