Атырауда табылған ерлі-зайыптының мүрдесінен пышақ іздері анықталған
Атырауда жоғалған отбасындағы ерлі-зайыптылардың мүрделерінен пышақ іздері анықталды. Бұл деректі полиция департаментіндегілер растады. Қазір сот медициналық сараптама жалғасып жатыр.
Еске салсақ, Жангелдин ауылында бүтін бір отбасы із-түзсіз жоғалып кетіп,
осыдан 8 күн бұрын әйелі мен күйеуінің мүрдесі ауладағы сарайдан табылған еді.
Қалған екі адам әлі хабар-ошарсыз. Басты күдікті марқұмдардың 29 жастағы күйеу
баласы. Сондай-ақ күдіктінің әйелі, яғни марқұмдардың үлкен қызы да
жоғалғандардың қатарында. Оларды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Мейірім Ердәулет, облыстық ПД баспасөз хатшысы:
Екі адамға халықаралық іздеу жарияланды. Біреуіне сары бюллетень, яғни із-түзсіз жоғалу дерегімен осы отбасының қызына және оның күйеуіне күдікті ретінде халықаралық іздестіру жарияланды. Халықаралық іздестіру әлемнің барлық елдерінде жүргізілетінін қаперлеріңізге береміз. Яғни барлық құқық қорғау органдары өзге елдердегі тікелей осы қылмыскерлерді ұстауға бағытталған топтар бар құрылған. Солар ұсталған жағдайда бірден БАҚ-қа, ең бірінші жәбірленуші тарапқа хабарланатын болады.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04