Ақтөбеде «Келешек мектеп» пайдалануға берілді
Ақтөбе қаласына қарасты Жаңақоныс елді мекенінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 600 орындық білім ордасы қолданысқа берілді.
Мұнда заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған 48 оқу кабинеті бар. Кәсіби
даярлықтан өткен тәжірибелі ұстаздар қызмет етеді. Ұжым құрамында «педагог-зерттеуші»,
«педагог-сарапшы» және «педагог-модератор» біліктілік санатындағы мұғалімдер
көп. Сондай-ақ педагог-психолог, әлеуметтік педагог, логопед және дефектолог
жұмыс істейді. Физика, химия және биология пәндерінің зертханалары
жабдықталған. Информатика пәніне де ерекше көңіл бөлінеді. Бұл өңірде «Келешек
мектептері» жобасы аясында ашылған он бірінші білім беру нысаны.
Динара Айтбаева, информатика пәнінің мұғалімі:
Баланың ой қабілетін қалыптастыру, әр түрлі практикалық жұмыстармен айналысу, жеке өзінің жұмысын жасап шығару. Робототехника өте қарқынды дамып келе жатыр. Аладғы уақытта жасанды интеллект пен робототехниканы байланыстырып, оқушылардың жеке жетістіктерін шығару біздің мақсатымыз.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16